|
Компания Туралы 
«АППАК» ЖШС – уран өндіру өнеркәсібімен айналысатын алғашқы біріккен қазақстан-жапон кәсіпорны.
Компания «Мыңқұдық» кен орнының «Батыс» учаскесін қазу мақсатында 2005 жылы құрылды. Оны құрған кезінде оның дара құрылтайшысы «Казатомпром» ҰАК» АҚ болды.
2006 жылғы 6 шілдеде «АППАК» ЖШС қатысу үлесін жаңадан бөлуге байланысты қайта тіркелді: «Казатомпром» ҰАК» АҚ - 65%, Sumitomo Corporation - 20% және The Kansai Electric Power - 15%.
«АППАК» ЖШС құру аталмыш компаниялар арасындағы стратегиялық серіктес бағдарламасын іске асырудың бірінші бөлігі болып табылады.
 

Өнеркәсіптік пайдалануға кезекті ендірумен өндірістік қуаттарды салу және кеніштің тұрғын үй қорын салу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды.

Өнеркәсіптік пайдалануға кезекті ендірумен өндірістік қуаттарды салу және кеніштің тұрғын үй қорын салу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды.
Кәсіпорынды қайта тіркегеннен кейін он күннен соң кеніште құрылыс жұмыстары басталды.
2007 жылғы ақпанда алғашқы технологиялық ұңғыманы жасады.
Сол жылдың тамызында атом энергиясын пайдалану объектілерін салуға, пайдалануға беруге, пайдалануға және пайдаланудан шығаруға мемлекеттік лицензия алынды.
2008 жылғы 1 мамырда тауарлық десорбат түрінде алғашқы уран алынды.
2008 жылғы 3 маусымда «Батыс Мыңқұдық» кенішінің ресми ашылуы болды.
Уранды өндіру және өңдеу ASTM 967 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
«АППАК» ЖШС кенішінде барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының экологиялық кодекс талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорынның әлеуметтік қызметі «Казатомпром-Демеу» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жапон серіктестерімен аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 22 млн. доллар бөлінді.
2008 жылғы 24желтоқсан
«АППАК» ЖШС кеніш объектілерін мемлекеттік қабылдау жүргізілді.
2 (екі) технологиялық блок пайдалануға берілді.
2009 жылғы 4 қаңтар
«АППАК» ЖШС кенішінде табиғи уранның Химиялық концентрат түрінде алғашқы өнімі алынды.
2009 жылдың ішінде 7 (жеті) технологиялық блоктар пайдалануға берілді.
2010 жылдың ішінде 7 (жеті) технологиялық блоктар пайдалануға берілді.
2011 жылы 6 (алты) технологиялық блокты ендіру және кәсіпорынның толық жоспарлы өнімділікке ие болу жоспарда бар.
"АППАК" ЖШС Компаниясының Ұйымдастыру құрылымы:

Компанияның басшылығы:
«АППАК» ЖШС Бас директоры - Кабаев Сейылхан Турсынжанулы.
|